Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған 2 күндік қала имамдары мен теолог, дінтанушы мамандарға арналан семинар-тренинг өтті.
Қала әкімінің орынасары Алмас Сәдубаев пен Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев семинарды ашып, сөз сөйледі.
Тараз қаласының әкімдігі мен ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада ЕИМ университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы мен ҚМДБ "Діни оңалту" бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев дәріс оқуда.
Деструктивті ағымдағылармен сөйлесу, тәкбір тақырыбы аясында мәселелер көтеріліп, "Жусан" операциясы бойынша елімізге жеткен азаматтармен жұмыс жасау, оларды оңалту жайы сөз болды.
Сонымен қатар, іс-шарада "Кеңесхан қажы" мешітінің наиб имамы Алтынбек Хусаиновтың "Дәлелденген мәселелер" атты кітабының тұсауы кесілді. Жаңа жарық көрген кітапта теріс ағымдардың алдын алу, түйіткілді мәселелердің дәлелдері қамтылған. Діни иммунитет қалыптастыруға септігі мол еңбек бүгінен бастап оқырманға жол тартты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі