Облыстағы әйел ұстаздарға арналған семинар өтті

Облыстағы әйел ұстаздарға арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде өңірге қарасты қала және аудандардағы әйел ұстаздарға арналған семинар өтті.

Іс-шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашты. Әйел ұстаздардың ауызбіршілігі, жұмыс тәртібі, белсенділігі жайлы тілге тиек етіп, бірқатар мардымды кеңестер берді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Серікқызы семинарда баяндама жасап, "Әйел адамның рухани дамуы" тақырыбын сөзіне арқау етті.

Жиында өзге де ұстаздар баяндама жасап, түйіткілді мәселелерді көтерді.

Шара соңынан дастархан жайылып, ұйымшылдықты арттыру мақсатында көркем сұқбат жасалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: