"28 маусым - Журналистер күні" ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторы қазақтың қос ақыны, жұп ақыны, журналист Қайырғали Асанов пен Күләш Ахметованы төл мерекелерімен құттықтап қайтты.
Қос тұлғаның шаңырағында болып қайтқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Серікқызы мен asyldin.kz сайтының тілшісі Ақерке Бекқұлова дара тұлғалардың батасын алды.
Дастархан басында көркем әңгіме, жарасымды қалжың айтылды. Мешіт қызметкерлері 75-ке келген К.Ахметовадан 5 томдық шығармалар жинағын сыйға алды. Айта кетейік, қос тұлғаның биыл отасқандарына 50 жыл - "Алтын тойы".
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі