"Халал Даму" өкілі Тараздағы сертификатталған өндіріс орындарын тексерді

"Халал Даму" өкілі Тараздағы сертификатталған өндіріс орындарын тексерді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" өкілі Нұрматжан Миразизов бір апта бойы Тараз шаһарындағы шұжық және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды аралады. 

"Халал" сертификатына ие өндірушілерді жоспарлы тексеру апталығында маман "Касымов" ЖК, сертификатын жаңартқан "Сапаева" ЖК,  "Ак-Ниет" шұжық өнімдерін шығарушы цехтарына болып қайтты.

Шара барысында кәсіпорын қызметкерлеріне семинар жүргізіп, халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өнідіру барысындағы тазалық, азық дайындаушының халал асқа қатысы жөнінде тілге тиек етті. 

Сонымен қатар, "Ақ-Ниет" ЖК кәсіпорнына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: