#Меркі ауданы: Ұлтаралық бейбітшілік насихатталды

#Меркі ауданы: Ұлтаралық бейбітшілік насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бейбітшілік және келесім" жобасы аясында Меркі ауданында аудан тұрғындарымен жиналыс өтті.

«Меркі ата» мешітінің наиб имамы  Батырбек Қасымалиев іс-шараның негізгі мақсаты тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты құндылықтар аясында мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен қоғамды біріктіру екендігін атап өтті.

«Ауданда тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Меркі ауданының табысты дамуының кепілі», - деді.

Сөз соңында имам: "Әрбір адам өз ісіне адалдық таныту қажет, сонда ғана елдің ертеңі жарқын, болашағымыз баянды болмақ" - деп тарқасты.

Меркі ауданы, «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: