ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлының тапсырмасына сәйкес Тараз қаласы имамдары ірі-қараны құрбандыққа шалып, жаңбыр тілеу намазын оқыды.
Талас өзенінің жағасына барып, Аллаға құлшылық жасаған имамдар Жаратқаннан ел берекесін сұрады. Намазда облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы имамдыққа шығып, "Ар Рахман-Ар Рахим" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл елімізді құрғақшылықтан, жұттан сақтағай деп дұға жасады.
Айта кетейік, шараға 270 мың теңге қаражат жұмсалды. Ал құрбандық еті Құран жаттап, діни білім алып жүрген медресе шәкірттеріне таратылды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі