Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш «радикалды діни ағымның зайырлы қоғамға әсері» атты уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мешітке келген жастарға діни ағымдардың зардабы мен қоғамға кері әсері жөнінде түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Мәселен, мұсылман діні бойынша дінді білетін адамның оны басқа адамға таратуы, уағыздауы – құпталатын мәселе.
Осыған байланысты мәселелерді жастарға түсіндірген ауыл имамы діни сауатты болуға шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі