ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов "Халал" сертификаты бар шұжық шығарушы өндіріс орындарын аралады.
Мамандар тосыннан барып, сертификатталған кәсіпорындарды тексеріп, шұжық дайындау барысы мен құрамы талапқа сай ма, жұмыс жүргізуде қателіктер жоқ па, деген сауалдардың орнын толтырды.
Шұжық цехтарын аралау мен мерзімді тексеру жұмыстарын жүргізу әлі де жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі