Тараз шаһарында орналасқан мал сою қасапханасы тексерілді. Турсунбек Есенкулов есімді кәсіпкер ғимаратпен таныстырып, өздері жайлы мағұлматтарды ұсынды.
ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорынды аралап, тазалығымен, мал сою орнының талапқа сай болуын, малдарға беріліп жатқан жем-шөбін қарады.
Айта кетейік, бұл кәсіпорын сертификат алуға талапкер. Қорытынды оң нәтижесін көрсеткен жағдайда қасапханаға "Халал" сертификаты бұйырмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі