Облыстық мешітте 300 адамға 1 млн теңгеге киім алып берілді

Облыстық мешітте 300 адамға 1 млн теңгеге киім алып берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлтты ұйыстырған, күллі мұсылманды сағындыра жеткен ораза айт мерекесінің құрметіне "Һибатулла Тарази" мешітінде жамағаттың ұйымдастыруымен 1 миллион теңгеге 300 адамға киім-кешек сыйға берілді. 

Айт мерекесін өскелең ұрпаққа насихаттау, мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында жасалған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, мешіт қызметкерлері мен жамағат қатысты.

Отбасыларға, балаларға бас киім, көйлек, аяқ киім, шалбар, футболка, жейде сынды түрлі киімдер берілді. Жап-жаңа киім киген балалар қуанып, ата-аналары алғыстарын жаудырды. Айта кетейік, киімдер тек балаларға ғана емес, ата-аналарына да сыйға тартылды. 

Игі бастама жайлы Бас имам БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп: "Біз балалардың төл мерекеміз айт мейрамын ерекше асыға күткенін қалаймыз. Іс-шара осы күннің берекесін, ғибратын түсінсін деп, әрі мұқтаж отбасыларға көмек болсын деген ниетпен ұйымдастылыды" - деп атап өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: