Күллі мұсылманның қасиетті мүбәрак мерекесі Ораза айт күні облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұйымдастыруымен Тараз-Қордай арасында қатынайтын автобустар жолаушыларды тегін тасымалдады.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мерекелік акция аясында қатынайтын автобустарға арнайы барып, жолаушыларға науқан жайлы түсіндіріп өтті.
Мерекелік көңіл-күйді сезінген сапар иелеріне сәттілік тілеп, дұға жасады. Жолаушылар шын жүректен алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

