Қасиетті Ораза айт мерекесінің қарсаңында Т. Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен 15 мұқтаж отбасыға қайырымдылық ұйымдастырды. Қайырымдылық азық - түліктей жасалды. Шараға жұмсалған қаражат – 220 000 теңгені құрады.
Сонымен қатар, Абай ауылы "Қалқабай ата" мешітінің имамы Талғат Таукеев ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, Ораза айттың қарсаңында пітірге жиналған ақшадан 5 мұқтаж отбасына азық–түліктей қайырымдылық жасады. Қайырымдылыққа жұмсалған қаражат – 90 000 теңгені құрады.
Жалпы, осы акция барысында аудан бойынша 310 000 теңге қайырымдылыққа жұмсалды. Мешіт қызметкерлері мен демеуші болған қайырымды жандарға разы болған мұқтаж отбасылар ризалығын білдіріп, алғыс айтты.
Қуаныш Түзелбеков
Т. Рысқұлов аудандық "Сұлтан" мешітінің баспасөз қызметі