Қордай орталық мешіті жамағатының ұйымдастыруымен айт мерекесінің құрметіне 2000 балмұздақ тегін таратылды.
Тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жасалған шарада аудан орталығында жүрген үлкен-кіші барлық адамдарды айт мерекесімен құттықтап, күніңіз балмұздатай тәтті болсын деп жылы сөз айта отырып, көрсетілген сый көпшіліктің көңілін жадыратты.
Жұртшылық бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, тілектері мен жылы лебіздерін жаудырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі