Қасиетті Рамазан айы мәресіне жетіп, күллі мұсылманды береке мен бейбітшілікте көрістіріп, ұлтты ұйыстырған Ораза айт мейрамы басталды.
Ұлық мерекенің құрметіне Қордай аудандық мешіттерінде айт намазы оқылды.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы көпшілік алдына шығып, айт мерекесімен құттықтап, айтулы күнді сауапты өткізуге байланысты сөз сөйледі.
Айта кетейік, мерекелік намаз барлық санитарлық нормаларға сай оқылды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі