Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты, Бірлікүстем ауылы, "Бірлікүстем" мешітінің молдасы Жетпіспай Әлімбеков, қасиетті Ораза айт құрметіне ауылда тұратын аз қамтылған 10 отбасыға, 10 бас қой зекет малын таратты. Үй-үйді аралап, малды таратқан ауыл молдасы Жетпіспай аталмыш отбасы иелерінің қуанышына ортақтасып, баталарын алып қайтты.
Шара соңында, кәсіпкер азаматтарымыздың хайыр ихсан садақаларына разылығын білдіріп, хақыларына Құран оқып, бата жасады. Жетпіспай молданың сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта осындай ауқымды іс-шара жалғасын таппақ.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі