Шу ауданына қарасты дін мамандары қасиетті Рамазан айында атқарған іс-шаралары өз алдына аз болмады. Мамандар көптеген шараларға қатысып, қайырымдылық жасаудан дес бермеді.
Осындай игі іс-шара қасиетті Ораза айттың алғашқы күні жалғасын тауып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Тарқатып айтатын болсақ, Абай ауылы, "Оспанәлі" мешітінің молдасы 1 отбасыға 1 қой зекет малын берсе, қалған 3 отбасыға қап толы айттық базарлық дастарханын тарата келе, 10.000 теңгеден үлестірді. Орта есеппен қайырымдылыққа 120.000 тг жұмысады.
Сонымен қатар, Бірлік ауылы "Бірлік"мешітінің молдасы Жұматаев Медет болса, ауылда тұратын жағдайы төмен 4 отбасыға күнделікті қажет ететін азық түлік үлестірді. Әр отбасыға азық 10.000 теңгеден алында. Жалпы іс-шараға 160.000 теңге жұмысалды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі