Тараз шаһарынан шығатын "Пазиев" ЖК шұжық өнімдері цехы "Халал" сертификатын жаңартты.
ҚМДБ "Халал Даму" ұйымы белгілі бір мерзім сайын халал өнім шығаратын кәсіпорындарды қайта тексерістен өткізіп отырады.
Осындай қайта қадағалаудан өткен аталған өндіріс орнына арнайы барған ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорын басшысына сертификат табыстады. Маман халыққа адал ас жеткізіп отырған өндіріске береке тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі