Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің ұйымдастырымен 100 отбасына көпбалалы, жалғызбасты отбасыларға азық-түлік таратылды.
Асыл дінімізде жабырқаған жанды қуантуға баса көңіл бөлінеді. Өмірден қажу көрген адамдарға қамқорлық таныту – ізгіліктің белгісі.
ҚМДБ-ның «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны Талас ауданы мешітінде жалғасуда. Қасиетті Қадір түні күні өткен бұл іс-шарада ат салысқан кәсіпкелерге алғысын білдіреміз.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі