"Зекет" қоры мен "Құлбай баба" мешіті 1 000 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

"Зекет" қоры мен "Құлбай баба" мешіті 1 000 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Зекет" қоры мен Тараз қаласында орналасқан "Құлбай баба" мешітінің бірлесуімен 20 адамға 1 млн теңге қаражат көмекке берілді. 

Әр әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден үлестірілген қайырымдылық үшін тұрғындар шын жүректен алғыстарын білдірді. 

Көмекті "Зекет" қорының өңірдегі өкілі Ержан Аманбаев пен аталған мешіттің наиб имамы Талғат Сматов табыстады. 

Қасиетті Құранда: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»деген.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: