Қасиетті рамазан айы мұсылман үшін Алланың рақымы мен шапағатына бөленетін, сауабы мен берекесі мол ай.Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кім бір мұсылман бауырын ауыз ашар уақытында тамақтандырса, оның сауабындай сауап алады. Аузы берік жанның сауабынан ешнәрсе кемімейді» деген.
Осы хадиске амал етіп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" колледж-медресесіне ауызашар берілді.
Сектор жетекшісі Нұрсұлтан Маметбайдың ұйытқы болуымен 70 адамға ауызашар қоржындары берілді. Шәкірттер алғысын айтып, тілектерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

