Қордай аудандық мешітінде қасиетті қадір түнінің қарсаңында 40 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының қатысуымен өткен науқанда отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетіліп, пітір-садақа ақшасы таратылды.
Хазрет Осман (р.а.) бірде Рамазанда ұмытып пітір садақасын бермеген. Кейінірек мұнысы есіне түсіп, пітір садақасының өтеуі (каффараты) үшін бір құлды азат етеді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсең де пітір садақасының сауабын таба алмайсың», -депті.
Міне, осынау маңызға ие пітір-садақасын берген тұрғындардың аманаты мұқтаж отбасыларға жеткізілді.
Айта кетейік, іс-шараға жалпы 850 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі