#Қордай: Экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілді

#Қордай: Экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Әлжан ана ауылдық "Құдайберген" мешітінің молдасы Саламат Аманбаевтың қатысуымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында діни жүздесу өтті.

Ауылдың мәдениет үйінде өткен шараға ауыл тұрғындары қатысып, дін маманына өздерін мазалаған, көкейкесті сұрақтарын қойып, дәйекті жауаптар алды. 

Хакім Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген. Ұлы шайырдың бұл сөзін ойшыл Шәкәрім «Шын таза жан тазалықпен, Тәңірісіне бармақ ол» деп қуаттайды. Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.

Бүгінгі қоғамдағы теріс бағытты ұстанушы, оны насихаттаушы топтардың қателіктерін, адасқан тұстарын тізбектеп, дәлел келтіріп, білім алу барысында мұқият болуды тілге тиек еткен дін маманы аталған жиыннан соң ауыл әкімшілігінде екінші кездесуін өткізді. Әкімшілік қызметкерлеріне діни білімнің діни иммунитет болатындығын айтып, балаларға ертең жат жолдың етегінен ұстап кетпес үшін, бүгіннен дұрыс білім алуға бағыттауды ұсынды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: