Кеше Шу аудандық орталық кітапханасында «Дін және жастар» тақырыбында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебтің оқушылары қатысқан дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы шақырылып, аталмыш тақырыпта сөз өрбіді.
Шара барысында кітапхана меңгерушісі Л.Кішкенебаева дәстүрлі емес діни ағым жайында айтып өтсе, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы уахабизм және терроризмнің қоғамға тигізер зияны жайында тілге тиек етіп, одан құтылу жолдарын түсіндіріп өтті.
Аят қажы Дыбысұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жастарды діни ағымдардан сақ болуға шақырды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би»мешітінің баспасөз қызметі