Шу аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы күнделікті бесін намазына келіп жүрген жамағатқа ихсан ілімі және нәпсі тәрбиесі жайында уағызын айтуда.
Мешітке келіп жүрген жамағат, карантиндік шараны сақтау керектігін естен шығарған емес. Ара қашықтық сақтап, бетперделерін киіп, қолдарын антисептик құралымен жуып, термометрмен тексеріліп кіргізілуде. Жалпы талапқа сай десек артық кеткеніміз емес.
Көпшіліктің көкейіне қонған уағызға байланысты сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алуда.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі