Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында мешіт ұстазы Қалқаманова Мадинаның және әйел-қыздар жамағатының ұйытқы болуымен «РАМАЗАН ОТБАСЫ АЙЫ» атты іс-шара болып өтті.
Қайырымдылық іс -шарасында мешіттің ақ жаулықты әжелері мен аналары өсіп келе жатқан жас буынға үлгі болып, ұл-қыздарымен, отбасымен бірге мешіт айналасына жеміс талдарын егіп, мешітіміздің көгалдануына өз үлестерін қосты.
Алла Тағала Құранда Рахман сүресінің 6 аятында «Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді», хадисте «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа» делінген. Алла Тағаладан осы амалдарымыздың Рамазан айында сауабы еселеніп берілуін сұрап, бізді келесі Рамазанға аман–есен жеткізе гөр деп дұға етеміз.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі