Кеше Шу аданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы Балуан Шолақ ауылы, Қойайдар мешітінде іс-сапарда болып қайтты.
Аудан имамы Қойайдар мешітінің тынысын көріп, кіріс-шығыс құжаттарын қарап, кем-кетік жерлерін тілге тиек етіп, мешіт карантиндік талаптарға сай екеніне көз жеткізді.
Тарауық намазына жиылған жамағатқа аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы «Ихсан ілімі және оның маңыздылығы» жайында өнегелі уағызын айтты.
Көпшілік ұйып тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Уағыз соңында тарауық намаз оқылып, көпшілікке Құран оқып, бата жасалды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі