Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты ауылдық мешіттерінің дін мамандары Рамазан айының екінші он күндігінде бір қатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының алғыстарын алуда.
Атап айтатын болсақ, Ақтөбе ауылы, Жылғабек мешітінің молдасы Қоспанов Әбусейттің ұйытқы болуымен ауылда тұратын жағдайы төмен 4 отбасыға 25 кг ұн, 10 кг қант, 5 кг күріш, 10 кг макарон, 5 лт сұйық май, 1 кг конфет, 2 лт томат, 2 кг печенье, 5 кг сәбіз, 10 кг картоп, сабын, порошок, шампунь, 1 ыдыс жуатын зат сынды қажетті заттар үлестірді. Жұмысалған қаражаты - 145.000 тг құрады.
Жаңажол ауылы, "Күнту баба" мешітінің имамы Әуесбаев Берік үйі өртенген азаматқа 180.000 тг қаржылай көмек көрсетті.
Ақсу ауылы, "Баласағұн" мешітінің молдасы Джаманкеев Байұзақтың ұйымдастыруымен, ауылда тұратын аз қамтылған 80 отбасыға 1 қап пияздан таратты. Қаражаты - 100.000 тг құрады.
Жиенбет ауылы, "Жиенбет-Жексенбай" мешітінің имамы Бердібеков Шүкірәлі ағаның ұйытқы болуымен, 2 қой сойылып, еттері 12 отбасыға үлестірілді. Мал бағасы - 120.000 тг алынды.
Алға ауылдық округі, "Аманкелді" мешітінің молдасы Әбдрайымов Әбубакірдің ұйытқы болуымен, ауылда тұратын 2 отбасыға 1 қойдан зекет малы берілсе, 1 отбасыға 1 сиыр бұзауымен зекетке берілді. Орта есеппен мал бағасы 500.000 тг құрайды. Жалпы қайырымдылыққа жұмысалған қаражат 1045000 теңгені құрады.
Алдағы уақытта да Рамазан айында осындай игі іс-шара жалғасын табатын болмақ.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі