Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Берекелі Рамазан керуені» республикалық онлайн марафоны өтті.
Жамбыл облысының имамдары және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен өңір бойынша 650 мұқтаж отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Қасиетті Құрандағы Ниса сүресінің 127-ші аятында «Қайырдан не істесеңдер, Алла оны күдіксіз біледі» делінген.
Жылына бір рет қана келетін ұлық айда қайырымдылық керуені ауыл аймақтарды аралап, барлық қала, аудандардың қатысуымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың шаңырағына жеткізілді.
Атап айтсақ, облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті мен Тараз қалалық мешіттерінің бірігуімен 70 адамға азық-түлік қорабы жеткізілсе, аудандардың марафонға үн қосуымен 580 шаңыраққа көмек қолы созылды.
Жамбыл ауданында 80 отбасыға, Меркі ауданы 450 000 теңге болатын азық-түлікті 20 мұқтажға, Талас ауданы 310 000 теңгеге 30 отбасыға, Қордай ауданында Кенен ауылдық мешіті мен Еңбек ауылдық мешіттерінің қатысуымен 72 адамға 1 сиыр сойылып, еті мен азық-түлік таратылып, 1 043 500 теңге жұмсалса, Сарысу ауданы 99 отбасыға 1 108 000 теңгеге көмек көрсетті.
Байзақ ауданында 40 адамға, Мойынқұмда 35 жанұя, Шу ауданында 310 000 теңгеге 30 отбасыға, ал Т.Рысқұловта 100 мұқтаж отбасыға ауызашар қоржындары таратылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі
Талас ауданы
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Сарысу ауданы
Қордай ауданы
Байзақ ауданы
Мойынқұм ауданы
Т.Рысқұлов
Шу ауданы