Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандарды қуантып, Тараз шаһарының 4-ші аймақ мешіттері мен жамағаты ауызашар берді.
Бірінші күні "Әбу Бәкір әс-Сыддық" мешітінің имамы Қасымжан Бектаев қаридың шәкірттері мен "Ауыл-береке" базарының жамағаты 170 адамға ауызашар қоржынын таратты.
Ал екінші күні игі іске ұйытқы болған отбасылардың бірігуімен 90 адамға ауызашар қоржындары жеткізілді. Сонымен қатар бұл ыстық тамақ, нан-суы, тәттісі бар пакеттер металлургиялық завод қызметкерлеріне де жеткізілді. Тосыннан ауызашарға тап болған тұрғындар алғыстарын жеткізді.
Аталған бастама алдағы күндері әлі де жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі