Бүгін Қордай өңіріне арнайы сапармен келген наиб мүфти Ершат Оңғар сапар барысында Сортөбе ауылында орналасқан Имамдар үйінде мешіт мутауаллиларымен, ақсақалдармен жүздесті.
Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты.
Көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, ауызбіршілік, бейбітшілік, татулық туралы сөз сөйледі.
Сонымен қатар Ершат Оңғар Масаншы ауылындағы Құран Қарилар орталығына ат басын бұрып, шәкірттермен жүздесіп, оқудың мән-жайымен таныстып, ұстаздарымен тілдесті. Шәкірттерге білім алу жайлы, діни білімнің маңызы, екі дүниедегі пайдасы турасында насихат айтты.
Шарадан соң Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесіп, "Бейбітшілік пен келісім" тақырыбында сүбелі әңгіме өрбітті. Ауыл ақсақалдары өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіріп, көкейкесті сауалдарына жауап алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі