«Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауапқа ие болады» (Тирмизи, 735).
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Нұрбек Жанықұловтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты жастарының атсалысуымен өңір тұрғындарына ауызашарға тамақ таратылды.
Ауызашарға мешіт жамағаты, жағдайы төмен отбасылар қамтылып, 100 адамға ыстық тамақ пен тәттілер және сусындар берілді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі