Наиб мүфти Қордайдағы қайырымдылық шарасына қатысты

Наиб мүфти Қордайдағы қайырымдылық шарасына қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Наиб мүфтий Қордайдағы қайырымдылық шарасына қатысты

Қасиетті айда жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстарының саны тағы бір игі шарамен толықты.

Жиынға Қордай ауданына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғар, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ-ның өңірдегі "Зекет" қорының өкілі Ержан Аманбаев пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты.

Қайырымдылық шарасында 65 отбасыға азық-түлік салынған қораптар таратылды. Қасиетті айда зекет ретінде мешітке берілген 2 ірі қара малы сойылып, ол түгелдей осы кездесуге келген тұрғындарға үлестіріліп берілді.

Тұрғындармен кездесу барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.

Шара соңында Қасиетті Рамазан айының берекесі үшін дұға жасалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: