Тараз қаласы имамдары Рамазан айының 15 күнінде 4 961 000 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде 1322 кісіге ауызашар пакеті, 151 отбасына азық-түлік, 17 отбасына қаржылай, 28 отбасына еттей жәрдем берілді. Жалпы 1688 отбасы қамтылды. Сонымен қоса мешітке келген жамағат ауыз ашуы үшін су диспансерлері алынып, азанның әсем дауысын естіп рухани ләззат алулары үшін дауыс реттеуіштер мен радио-микрофон, мешіт калонкалары реттелді.
Қайырымдылық іс-шарасына қалалық орталық «Кеңесхан қажы», «Әбдіқадыр», «Әл-Әділ», «Тұрсынбай ата», «Әкрам төре», «Құрал қажы», «Бегалы ата», «Әзрет Әли», «Шайх Зуннун», «Намаз ата», «Мырқалық қажы», «Әулие ата», «Тектұрмас», «Асым ата», «Әл-Фирдаус», мешіттері және Тараз қалалық Жастар ісі секторы мен әйел-қыздар жамағаты атсалысты.
Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасауда жарысуды Алла Тағала нәсіп етсін!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі