Ауызбіршілік - алтыннан қымбат. Өйткені, жер бетіндегі өзара келіспеушілік пен дүрдараздықтар белгілі бір мемлекеттің шаңырағының шайқалуына, ел іргесінің сөгілуіне әсерін тизібей қоймайтын. Осы бірлік, ынтымақ қасиетін насихаттау мақсатында Еңбек ауылдық мешітінде "Бейбітшілік пен келесім" тақырыбында уағыз айтылды.
Насихат жұмыстарын РАНТ мүшелері Алматы қалалық "Бәйкен" мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсенбаев пен Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев және Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Дәурен Нұржанұлы жүргізді.
Дін мамандары жамағатқа шариғатымыздағы бауырмалдық, татулыққа қатысты ұстанымын, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтып кеткен өсиет-хадистерін тілге тиек етіп, көпшілікті ауызбіршілікке шақырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі