Мойынқұм аудандық ”Мойынқұм” кітапханасында аудан имамы Рысбай Асылбекұлы әйелдер қауымымен кездесу өткізді.
Әйелдер қауымына Рамазан айының қадір-қасиеті жайында түсіндіріп, бұл айдағы жасалған әрбір жақсылықтар еселенетіні, бұл айда түндердің сұлтаны болған қадір түні бар екеніндігі, қадір түні мың айданда абзал екенін жеткізді.
"Ораза тұту әрбір пенде үшін парыз. Тұтқан оразаның сиы Алланың өзі құлдарына ақыретте тарту ететіндігін біздерге жеткізеді"- деді имам өз сөзінде.
Соңында оразаның талаптары жөнінде түсіндіре кетіп, Рамазаннан Рамазанға аман есен жетуді нәсіп етсін деп дұға жасап тарқасты.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі