#Меркі ауданы: Екі дүркін Әлем чемпионымен кездесу

#Меркі ауданы: Екі дүркін Әлем чемпионымен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беру үшін, ауданымыздың, еліміздің бетке ұстар тұлғасымен кездесу ұйымдастырылды.

Жүздесудің қонағы Жамбы атудан (ат үстінде садақ атудан) Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, сондай-ақ 23 мемлекеттің 60 астам мергендері бақ сынаған 2018-2019 жылғы Әлем чемпионаттарында «Жамбы атудан»  Екі дүркін Әлем чемпионы атанған, Қазақстан Республикасының құрама командасының бас бапкері Бадашев Елдос Әлмахамбетұлы болды.

Кездесу барысында спортшы өзінің жеткен жетістіктері үлкен тер төгумен, қажырлы еңбекпен, тынбайтын талпыныспен келетінін айтып, жастарға күш жігер беріп өтті.

Сондай-ақ сұр мергенмен кездесуге келген жастар Елдос мырзаның жеке өмірі мен спорттың қыр-сырына байланысты сұрақтар қойып, болашақта осындай спорт түрімен айналысқылары келетіндіктерін, сол үшін қандай болу керектігін де сұрап, жеңімпаз болудың сырларымен бөлісуге шақырып, жебе мен садақтың жасалу жолы мен қайдан алатындығын да тілге тиек етті.

Атақты спортшы әрі, бапкер жерлесіміз жастарға өзінің өмірі және түрлі сайыстардағы жеңістері туралы әңгімеледі. Әсіресе, әлем чемпионатында жеткен жеңісін ерекше бір тебіреніспен жеткізді. Жас жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырды. "Əдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болу екі талай. Өйткені ол - спорт өнерінде қайтпас қайсар мінезбен, күш жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы" - деп ағынан жарылып сыр шертіп өтті. Сонымен қатар өзінің балалық шағынан бастап спортқа жасаған алғашқы қадамынан дəл бүгінгі күнге дейінгі кезеңін, өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын басынан өткен қызықты оқиғаларымен əсерлі əңгімелеп берді. Сөз кезіндегі қазіргі жастардың алғырлығы мен патриоттық сезімі жоғары екенін атап өтті.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: