#Меркі ауданы: Деструктивті діни ағым идеологиясының қауіпі түсіндірілді

#Меркі ауданы: Деструктивті діни ағым идеологиясының қауіпі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Серікжан Пәрімұлы Меркі ауданына қарасты мешіт қызметкерлеріне «Деструктивті діни ағым идеологиясының қауіпі» атты семинар өтті.

Семинар барысында сөз сөйлеген Серікжан Пәрімұлы: "Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. 

Тіпті, өздерінің жасаған істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады, біздің еліміздің тұрақтылығы үшін, тыныштығы үшін бірігіп жұмыс істеудің маңыздылығын, жастарымызды, отандастарымызды теріс идеологиядан аман алып қалу әрбіріміздің міндетіміз», - деп сөзін аяқтады. 

Семинар соңында дін қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, сұрақтарына қанағаттандырарлық жауап алып тарқасты.

 Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: