Рамазан Құран айы! Қасиетті Рамазан айында Құран Кәрім түсті! Алла Тағала қадр сүресінде: «Шынында Құранды қадір түнінде түсірдік!» деп бұйырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Құранды мәнерлеп, ырғағына келтіріп оқыған кісі әс-Сәфара, Кирам, Барараһ атты (ұлы) періштелермен бірге болады. Ал енді Құранды қиналып, кідіріп бірақ ықыласпен оқыған кісіге екі есе сауап беріледі» дейді.
Қасиетті Рамазан айын карантиндік режимде болса да естен кетпестей етіп өткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан біршама тапсырмалар келген болатын. Соған сәйкес, Тараз қаласының 3 бірдей мешітінде онлайн Хатым-Құран оқылуда.
Атап айтқанда «Хамрақұл» мешітінде Ахметов Арифжан қари, «Әбу Бәкір Әс-Сыддық» мешітінде Қолағұлов Дулат қари, «Әл-Фирдаус» мешітінде Ашров Мамькевич қари жамағатқа тікелей эфирде күнде Рамазан айының соңына дейін оқитын болады. Тікелей эфирдің уақыты мен сілтемесін суреттерден көре аласыздар!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі