Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық мешітінде әйел-қыздар жамағаты мен мешіт ұстазы Аружан Абибулланың ұйытқы болуымен "РАМАЗАНҒА САУАППЕН" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Алла Таға Құран кәрімде: "Алла жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала оның орнын толтырады" (Сәбә сүресі 39 аят) дегендей Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз үмбетін Рамазан айында көп жақсылық амал жасауға, садақа беруге шақырған.
Мешіттің нәзік жанды жамағаты Алла Тағаланың разылығы үшін сауаптар еселенетін Рамазан айында сауап жинау ниетімен қолдан келгенше адал тамақтар дайындап, қайырымдылық жәрмеңкесіне өз үлестерін қосты.
Сарысу аудандық мешітініңбаспасөз қызметі