Шу қаласындағы «ТАРЛАН» спорт кешенінде еркін күрестен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ТАРЛАН денешынықтыру-сауықтыру кешенінің 4 жылдығына орай, ашық біріншілігі өтті.
Біріншілікке Шу қалалық "Жәми" мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы арнайы барып қатысты.
Қаланың бас имамы жүлделі орын алған жасөспірімдерге демеушілік көрсетіп, спорттық киімдер сыйға тартты. Сондай-ақ жүлделі орындарға марапаттарын табыс етті.
Шу қалалық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі.