#Қордай: Қабір басында тазалық жұмыстары жасалды

#Қордай: Қабір басында тазалық жұмыстары жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық ардагерлер кеңесі мен Қордай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен тұрғындарға "Қабір басына тазалық жүргізу" туралы үндеу жарияланған болатын.

Үндеуден соң "Өлі разы болмай, тірі байымас" деп, өмірден қайтқандарға құрметпен қарайтын Қордайлықтар екі қолға бір күрек алып, тазалық жұмысына кірісіп те кетті. 

Мазараттар қоқыстан, артық шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, мешіт қызметкерлері мен жамағаты, жастар атсалысты. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: