Қордай ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық іс-шарасы жасалды. Аталған науқан аясында ауданның орталық мешітінде 15 отбасыға азық-түлік таратылып, 150 000 теңге қаражат жұмсалды.
Қайырымдылық пакеттерін ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өзі табыстап, тұрғындарды Рамазан айымен құтықтады.
Бастамаға қолдау көрсетіп, Сортөбе ауылы "Хамед бен Бадый" мешіті 10 отбасыға азық-түлік үлестірді. Ауылдық мешітіте шарға 80 000 теңге қаражат жұмылдырылды.
Көмек алған отбасылар шын жүректен алғыстарын жеткізіп, ораза аймен құттықтады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі