Әлжан ана ауылдық "Құдайберген" мешітінің молдасы Саламат Аманбаевтың қатысуымен жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға мекеме басшылары, дәрігер, мұғалім сынды мамандар арнайы шақыртылды. Жиында жемқорлық заңды тұрғыдан және шариғат тұрғысынан талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, мамандарға сауалдарын қойды.
Мешіт имамы жемқорлықтың қоғамға алып келіп жатқан зиянын тілге тиек етіп, ислам дініндегі күнәсін, ол үшін берілетін жазасын сөз етті. Арам жолмен алған ақының ұрпаққа, ақыртке қалдыратын жамандығын жіліктеп берген маман көпшілікке терең ой салып, көкейкесті сауалдарын дәйекті мағұлматтармен толтырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі