Қарасу ауылында ауыл тұрғындары мен ақсақалдардың қатысуымен "ихсан ілімі" жайлы жиын өтті. Өтеген ауылының имамы Ғалымжан Шерниязов көпшілікке насихат жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.
"Ихсан иесі болуымыз үшін не істеуіміз керек? Ихсан иесіне айналу үшін құлшылықтың деңгейін жоғары деңгейге көтеру қажет. Құл шылық реттелмей ихсан иесі болудың мүлмем мүмкіндігі жоқ. Бұған қоса, Аллаға қатысты сеніміміз де сау күйде болуы қажет. Аллаға қатысты дұрыс сенімде болмау адамда ихсан иесі болудан мақұрым етеді. Демек, кемел сенім және шынайы ниетпен жоғары деңгейде құлшылық жасау арқылы ғана ихсан иесіне айнала аламыз, - деді имам өз сөзінде.
Қариялар бұл ілімнің қазақ халқының ұстанымында ежелден сіңгенін, тіпті дінге берік сопыларымыздың осы турасында жазып қалдырған жазбалары бар екендігін тілге тиек етті. Халыққа түсінікті тілмен жеткізілген насихат барысында адам баласы ихсан дәрежесінде болғанда ғана иманы мықты, әрі айналасына жанашыр болатындығы сөз болды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі