Қақпатас ауылдық мектебінде жат ағымның алдын алу мақсатында дін маманы оқушылармен жүздесті. Қақпатас ауылдық мешітінің имамы Жармахамед Тәнекеев мектеп бітіруші түлектермен өткізген "Біз де бала болғанбыз" атты рухани тәрбие сағаты жастарға діни білімнің маңызын түсіндірді.
Ауыл имамы оқушылармен қызықты әңгіме қозғай отырып, сұқбаттасып, сауалдарына жауап берді.
Жармахамед Тәнекеев: "Қазақ халқының ұлттық дүниетанымына назар аударар болсақ, сан ғасырлап осы дінді ұстанғандықтан оның ислам шариғатымен біте қайнасып жатқанын байқаймыз. Біздің ұлттық тəрбиеміз ислам дінінің алып келген тəрбиесіне негізделіп құрылғандықтан екеуі бір дүние десек те болады. Осы жолда елім деген ерлер мен ұлтым деген ұлыларымыз ел тағдырына бейжай қарай алмағандықтан болашақ иелері жастарды рухани һәм дүниауи сауаттылыққа тәрбиелеуде тынбай елеулі еңбектер атқарды. «Алладан қорықпағаннан қорық» деген сөз бар. Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» дейді, демек жастарға ғылымды үйретуден бұрын ұлттық тәрбиеге негізделген діни тәрбие беру маңызды" - деп ой салды өз сөзінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі