Кеше Қордай аудандық мешітінде 100 адамға ауызашар таратылды. Індеттің алдын алу мақсатында көпшілікті жинамай, кешкі асқа арналған ыстық тамақ, құрма, сусын, салаты бар қоржындар ораза тұтқан тұрғындардың үйіне жеткізілді.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының айтуынша ауызашар береміз деп ниет қылған азаматтар арнайы тізімге жазылып қойған. Сондықтан игі шара күнделікті атқарылып, 30 күн ораза бойы жалғасын таппақ.
"Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дейді. Осы өсиетке амал еткен барша мұсылмандардың ауызашары қабыл болсын!" - дейді бас имам.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі