Бүгін Сортөбе ауылдық №16, №17, №18 мектепте 9-10-11 сынып оқушыларымен діни кездесу жасалды.
Шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен Қордай Құран қарилар дайындау орталығының директоры Ғалымжан Сайлауұлы қатысты.
Жүздесуде "Діни экстремизм мен жат ағымның белгілері" тақырыбында насихат айтылып, жастардың сауалдарына дәйекті жауаптар берілді. Дін мамандары діни білімнің маңызы айында тілге тиек етіп, ата дініміз бен салт-дәстүр жайында сүбелі сөз сөйледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі