#Жамбыл: Ауыл мешіттері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді

#Жамбыл: Ауыл мешіттері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты ауыл мешіттері қасиетті Рамазан айының қарсаныңда дүкендерге ішімдік сатпау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру тобы ауыл ақсақалдары мен ауыл әкімшілігі мен ауыл имамдарынан құралды.

Дүкен сатушыларына түсіндіру топтары қасиетті Рамазан айының мұсылмандар үшін қандай маңыздылыққа ие екендігін түсіндірді. Соның арқасында бірнеше ауыл дүкендері ішімдік сатудан бас тартты және алдағы уақытта да ішімдік сатпауға уәделерін берді.

Рамазан айы – бұл мұсылман баласы үшін мың айдан да қадірлі болып саналатын қадірі мен қасиеті мол ай. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында барлық мұсылман баласы күнәсінан тазарып қалуға тырысады. Сондықтан, бұл айдың қадірін біліп, оны тек жақсы күндермен өткізгеніміз дұрыс, бауырлар!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: