Рамазан айы: Онлайн Құран хатым басталды

Рамазан айы: Онлайн Құран хатым басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі мұсылман асыға күткен қасиетті Рамазан айы келіп жетті. Он екі айдың сұлтаны ораза айының құрметіне youtube хостингінде онлайн Құран хатымы басталды. 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен жол тартқан тікелей эфирді Иманәлі Мырзагелді мен Бірлік Амангелді қарилар жүргізеді.  Бүгін тарауық намазының бірінші күнінде алғашқы пара оқылып басталып та кетті.

Отыз күн бойы Алланың кәлімін білікті мамандардан тыңдау мүмкіндігін күнделікті сағат 12.00-де жіберіп алмаңыз. Шара еліміздегі індет жағдайына байланысты қолға алынды. Осылайша, Құран түскен айда жамағат хатымды еліміздің кез келген нүктесінде отырып тыңдамақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: