Жамбыл ауданына қарасты ауыл мешіттерінде мұсылмандар үшін ұлық мереке болған қасиетті Рамазан айына арналған құттықтау баннерлері ілінді.
Мешіт ауласындағы баннерлерде ораза айының қасиеті, ораза ережелері, ауызашар уақыттары көрсетілген.
Алла Тағаланың мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары бар. Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды.
Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызмет